«SCAT» әуе компаниясының қызметкерлеріне семинар

«SCAT» әуе компаниясының қызметкерлеріне семинар

2025 жылғы 27 тамызда Астана қаласының санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары «SCAT» әуе компаниясының қызметкерлеріне «Чикунгунья» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында аурудың белгілері, таралу жолдары және алдын алу шаралары түсіндірілді.

Чикунгунья — бұл Aedes aegypti және Aedes albopictus түріндегі масалар арқылы адамға жұғатын вирустық ауру. Ауру белгілері: дене қызуының күрт көтерілуі, буындардың қатты ауыруы, бұлшықет ауруы, бас ауруы, әлсіздік және бөртпе. Басқа жұқпалы аурулардан ерекшелігі — буын аурулары көшпелі сипатта болып, бірнеше ай немесе жылдарға дейін сақталуы мүмкін. Ауру тұрмыстық жолмен, түшкіру немесе жөтел арқылы жұқпайды, бірақ сирек жағдайларда қан құю арқылы берілуі мүмкін.

Семинарға қатысушыларға чикунгуньяның алдын алу бойынша жадынамалар таратылып, инфекциядан қорғану шаралары күшейтілді.

Чикунгуньямен жұқтыру қаупін азайту үшін келесі алдын алу шараларын сақтаңыз:

  • Шетелге сапар алдында бара жатқан өңірдің ерекшеліктерімен танысып, денсаулықты сақтау шаралары туралы ақпарат алыңыз.

  • Теріні жабатын киім киіп, репелленттер қолданыңыз.

  • Ұйықтайтын бөлмедегі терезелерді масаға қарсы торлармен жабыңыз.

  • Масалар белсенді болатын тоқтап тұрған су көздерінің маңында демалудан аулақ болыңыз.

  • Егер маса шақса, шаққан жерді қасымай, қышуға қарсы крем жағыңыз.

  • Аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгініңіз және шетелде болғаныңызды міндетті түрде хабарлаңыз.

Жұқпалы аурудың алдын алу үшін сақтықты күшейтіп, қорғану шараларын дер кезінде қабылдау қажет