"Ашық есік күндері" акциясы

"Ашық есік күндері" акциясы

Азаматтық қоғам өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына қарасты нысандардың қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, антикоррупциялық саясат, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтау және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелеріне арналды.

Іс-шараның негізгі тақырыптары – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету болды.

Ашық форматта өткен талқылауларға Басқармаға қарасты ұйымдардың қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Басқарма мамандары сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу тетіктері, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде көзделген мінез-құлық нормалары, сондай-ақ қолжетімді мемлекеттік қызметтер мен оларды алу тәртібі туралы кеңінен түсіндірді.

Азаматтар тікелей қызықтырған сұрақтарын қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіруге, сондай-ақ Басқарма мамандарынан білікті жауаптар алуға мүмкіндік алды.

«Ашық есік күнін» осындай форматта өткізу ашықтықты арттыруға, халықтың хабардарлығын күшейтуге және мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы диалогты нығайтуға ықпал етеді.