Қауіпсіз балалар сапары: жеке гигиена және санитарлық ережелер бойынша онлайн-семинар

Қауіпсіз балалар сапары: жеке гигиена және санитарлық ережелер бойынша онлайн-семинар

 Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  мамандарының ұйымдастыруымен, жарыс, олимпиада және экскурсиялық жұмыстарын ұйымдастыру барысында балалар ұжымдарын теміржол көлігімен тасымалдау кезінде жіті ішек ауруларының және жаппай тамақтан уланудың алдын-алу мақсатында, «Сары-Арқа Компани» ЖШС қызметкерлері мен пойыз бригадирлерінің арасында 2025 жылдың 26 тамызында онлайн форматта жеке гигиена және санитариялық талаптарды сақтау жөнінде семинар ұйымдастырылып өткізілді.

  Семинар барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығының талаптарын негізге ала отырып,  ұйымдастырылған балалар ұжымдарымен жол жүру кезінде санитариялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сұрақтарға жауаптар толық берілді.