2025 жылғы 22 тамызда Астана қаласының санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлеріне «Ішек инфекцияларының алдын алу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында ішек инфекцияларының пайда болу себептері, таралу жолдары, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары жан-жақты қарастырылды. Қызметкерлерге жеке гигиенаны сақтау, санитарлық талаптарға сәйкес әрекет ету және ауру белгілерін уақтылы анықтау маңызды екені түсіндірілді.
Қатысушыларға инфекцияның алдын алу бойынша ережелер мен ұсыныстардан тұратын жадынамалар таратылды.