«Турксиб Астана» ЖШС жолаушылар вагондарының жолсеріктеріне семинар

«Турксиб Астана» ЖШС жолаушылар вагондарының жолсеріктеріне семинар

Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасының маманы «ТУРКСИБ АСТАНА» ЖШС жолаушылар вагондарының жолсеріктері үшін «Адам папилома вирусы» (АПВ) тақырыбына семинар өткізді. Түсіндірме: адам папилома вирусының (АПВ) кейбір түрлері әйелдерде жатыр мойны обырының даму қаупін арттыруымен, сондай-ақ ерлер мен әйелдерде жұтқыншақ обыры және басқа да қатерлі ісіктердің дамуымен байланысты. Қазіргі уақытта жатыр мойны обыры  - АПВ-мен (адам папилома вирусы) қоздырылатын  жалғыз қатерлі ісік түрі болып табылады, оған скринингтік тестілер қолжетімді. Мұндай тестілер аурудың белгілері байқалмаған кезде оны анықтау үшін қолданылады. Жатыр мойны обырына  скрининг жүргізудің мақсаты – қатерлі ісікке айналмай тұрып, алдын ала пайда болатын өзгерістерді анықтау. Мұндай жағдайда тағайындалған емдеу шаралары обырдың дамуын болдырмауға ммүмкіндік береді. Жатыр мойны обырына скрининг – тұрақты медициналық тексерістің маңызды бөлігі. Ол жатыр мойнының обыр алды ауруларын ерте анықтап, оларды қатерлі ісікке айналмай тұрып емдеуге мүмкіндік береді. Инфекцияның алдын алудың ең тиімді әдісі – АПВ-ға  (адам папилома вирусына) қарсы вакцинация.