2025 жылғы 21 тамызда онлайн форматта танымал mеssеnger арқылы, Қостанай бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық көліктегі бақылау басқармасының мамандары (бұдан әрі-Басқарма), «Атамекен» ҰКП Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының өкілі О. К. Мухамедгалиев бірлесіп «Almaks Кazakhstan» ЖШС-«Құсмұрын локомотив жөндеу зауыты» филиалының асхана қызметкерлерінің қатысуымен «Ботулизм, сальмонеллез және алдын алу шаралары», «Жеке медициналық кітапшалардың электрондық форматына көшу», «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, оның ішінде қызметке рұқсат құжаттарын алу, уақтылы мерзімді медициналық тексеруден өту, өндірістік бақылауды жүзеге асыру қажеттілігі мәселелерін түсіндіру» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
Онлайн-семинардың мақсаты ботулизмнің, сальмонеллездің, сондай-ақ ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру, объектідегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру және жеке медициналық кітапшалардың электрондық форматына көшу түсіндіру болды.
Тыңдаушыларды ботулизмнің, сальмонеллездің негізгі белгілерімен және әлемдегі және Қазақстан бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.
Қатысушыларды «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен таныстырды ҚР ДСМ 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығы және «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР ДСМ 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығы өндірістік бақылау объектісінде ұйымдастыру және өткізу үшін таныстырылды.
Онлайн-семинар қатысушылары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қарашадағы № ҚР ДСМ-131/2020. бұйрығы бойынша уақытылы мерзімді медициналық тексеруден өту туралы ескертілді.
Тыңдаушыларды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 13 наурыздағы «Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-196/2020 «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен таныстырды, 2025 жылы жеке медициналық кітапшаларды беруді, есепке алуды және жүргізуді жүзеге асыру тек қана жүзеге асырылатын болады электронды түрде.
Онлайн-семинар барысында пікірлер мен ұсыныстар алмасу болды.
Басқарма мамандары қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берді. Көтерілген тақытыптарға үлкен қызығушылық танытты және өндірістік бақылаудың, медициналық тексерудің, электрондық жеке медициналық кітапшалар және басқа да барлық қызықтыратын сұрақтарға жауаптар ала алды.