Адам папиллома вирусы бойынша ақпараттық дәріс

Адам папиллома вирусы бойынша ақпараттық дәріс

«AIR WAY» ЖШС қызметкерлері арасында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар,  алдын алу адам папиллома вирусы (бұдан әрі - АПВ) тақырыптары бойынша ақпараттық дәріс өткізілді.

         Дәріс шеңберінде аудиторияға қоғамдық тамақтандыру объектілерінің үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстары мен жабдықтарын күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі талаптар; тамақ өнімдерін сақтау, өткізу және кәдеге жарату шарттары бойынша талаптар; персоналдың еңбек шарттары және міндетті медициналық тексеруге және персоналды гигиеналық оқытуға жататын адамдардың нысаналы топтары бойынша талаптары жеткізілді, сондай-ақ, АПВ пайда болу себептері мен алдын алу шаралары түсіндірілді. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

         Дәріс соңында ботулизмнің, жүрек-қан тамырлары ауруларының, тамақтан уланудың алдын алу бойынша жадынамалар мен буклеттер таратылды.