Чикунгунья ауруына, оның пайда болуы мен таралуына байланысты тақырыптық дәріс

Чикунгунья ауруына, оның пайда болуы мен таралуына байланысты тақырыптық дәріс

Оқыту жұмыстарын жүргізу шеңберінде және өңірде жұқпалы ауруларды таратпау жөніндегі профилактикалық мақсаттарда, Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының мамандарымен   «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ медициналық пунктінде Қытай Халық Республикасының Гуадун провинциясының аумағында чикунгунья ауруына, оның пайда болуы мен таралуына байланысты тақырыптық дәріс ұйымдастырды.

Іс-шара барысында «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ қызметкерлеріне чикунгунияның алдын алу, зертханалық зерттеу, диагностика және емдеу,  сондай-ақ  салауатты өмір салтының негіздері мәселелері жеткізілді.

Дәріс өзекті тақырыптарға арналған жадынамалар мен брошюралар таратумен, «сұрақ-жауап» форматында қорытындылаумен және пікір алмасумен аяқталды .

Жүргізілген жұмыс осы іс-шараның өзектілігін, материалды ұсынудың қол жетімділігі мен мазмұнын көрсетті.