Ағымдағы жылғы 15 тамызда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы 2025 жылға арналған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша көлік қызметкерлері арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын өткізу жоспарына сәйкес «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Балқаш жол дистанциясы, Балқаш қалпына келтіру пойызы және Балқаш өрт сөндіру пойызы басшылығы мен жұмыскерлері арасында мерзімдік медициналық қарап-тексерудің маңыздылығы, аса қауіпті инфекциялардың алдын алу тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кәсіпорын басшылары мен жауапты тұлғалардың назарына «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына қатысты мағлұмат жеткізілді. Өткізілген шара барысында тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.