Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарымен көлік саласына қарасты барлық ведомстволық нысандарда, оның ішінде шағын теміржол станцияларында, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ қауіпті жұқпалы ауруларды анықтау немесе күдік туған жағдайда хабарландыру жүйесінің талаптарын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне санитариялық-эпидемиологиялық саулыққа төнетін ықтимал қауіптер туралы дер кезінде, үздіксіз әрі нысаналы түрде ақпарат жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Семинар-кеңес өткізу барысында лауазымды тұлғалардың штаттан тыс жағдайларда іс-әрекет ету тәртібі, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмі, шұғыл хабарламаларды бағыттау арналары мен хабарландырудың кезең-кезеңімен жүргізілу тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар қатысушыларға түрлі жағдайларда хабарландыру сызбасын практикалық тұрғыда қолдану мысалдары ұсынылып, ақпарат беруде кідіріс жасау тәуекелдері қарастырылып, ішкі бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді.
Көлік нысандары өкілдерінен түскен барлық сұрақтарға толық әрі негізделген жауаптар берілді.