Әуе кемесінде аса қауіпті инфекцияға күдікті жағдай анықталған кезде мамандардың іс-қимыл алгоритмі

Әуе кемесінде аса қауіпті инфекцияға күдікті жағдай анықталған кезде мамандардың іс-қимыл алгоритмі

2025 жылдың 15 тамызында Астана қаласы санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Қарағанды қаласының санитариялық-карантиндік бақылау маманы «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ «Қарағанды» шекаралық бөлімінің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы аумағында аса қауіпті инфекциялардың таралуының алдын алу және болдырмау мақсатында «Әуе кемесі бортынан АҚИ-ға күдікті науқастың бар екендігі туралы ақпарат түскен кездегі санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын санитариялық-карантиндік пункті маманының іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізді.

Семинар барысында әуе кемесі бортынан әуе әкемесінде аса қауіпті инфекцияға күдікті жолаушының бар екендігі туралы ақпарат түскен кезде барлық қатысы бар қызметтер мен санитариялық-карантиндік пункті мамандарының жедел өзара іс-қимылы талқыланды.

Іс-шараның мақсаты - карантиндік инфекцияның әкеліну және таралу қаупі туындаған жағдайда мамандардың өзара іс-қимыл алгоритмін бекіту.

Семинарға қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап алды, қатысушыларға жадынамалар мен парақшалар табыс етілді.