«Air Astana» авиакомпаниясының қызметкерлері үшін семинар

«Air Astana» авиакомпаниясының қызметкерлері үшін семинар

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары «Air Astana» авиакомпаниясының қызметкерлері үшін «Маймыл шешегі: клиникасы және алдын алу шаралары» тақырыбына маңызды семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты - қызметкерлерді ауруға қатысты тәуекелдер туралы ақпараттандыру және алдын алу шаралары туралы хабардар ету болды.

Семинар барысында аурудың негізгі аспектілері, оның ішінде симптомдар, вирус таралу жолдары және алдын алу шараларын сақтау маңызы туралы егжей-тегжейлі қаралды. «Air Astana» авиакомпаниясының қызметкерлері инфекциялардан қорғану әдістері, жеке гигиенаның рөлі және әуежайда жұмыс істегенде, сондай-ақ, әсіресе жұқтыру қаупі жоғары аймақтарда жолаушылармен өзара әрекеттесу кезінде сақталуы қажет қауіпсіздік шаралары туралы маңызды ақпарат алды. Қатысушыларға ескертпе материалдары таратылды.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қауіпсіздік пен денсаулық деңгейін арттыру, қызметкерлерді профилактикалық даярлықтан өткізу және инфекциялық аурулардың таралу қаупін азайту бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.