Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 31-тармағын орындау мақсатында, Қазақ теңіз көлік флоты ЖШС қарасты «Барыс » теңіз кемесінің қызметкерлері арасында 2025жылдың тамыздың 13-ші жұлдызында «Аса қауіпті және карантинді жұқпалы аурулардың белгілері бар науқастар анықталған жағдайдағы теңіз көлігінде өткізілетін бастапқы эпидемияға қарсы іс – шаралар» тақырыбында семинар өтті.
Аса қауіпті және карантинді жұқпалы аурулардың белгілері бар науқастар анықталған жағдайда айлаққа жеткенше кеме капитанының қандай алдын-алу шараларын орындау керектігі түсіндірілді. Ауруды оқшаулау,экипаж мүшелерінің аурумен қарым қатынасын тоқтату , жеке қорғаныш заттар (маска,қолғап) қолдану, арнайы мамандар келгенше тиісті құжаттарын дайындап қою сияқты шаралардың орындалуы туралы айтылды. Санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары келіп науқастан эпидемиологиялық анамнез жинап, науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына эвакуациялауға қатысады.Эпидемиологиялық ошақтың шекарасын анықтайды, қорытынды дезинфекциялық жұмыстар жасалуын бақылауды жүзеге асырады;
Экипаж мүшелерінің (байланыстағы адамдардың) тұрғылықты жері бойынша медициналық бақылау үшін эпидемиологиялық тарихы (тексеру) туралы мәліметтерді аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және Денсаулық сақтау басқармасына телефон арқылы және электрондық пошта мекенжайларына хабарлама жібереді.
Семинар барысында сұрақтар қойылып ,түсінік берілді.