Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл маса шаққан кезде таралатын және Plasmodium тектес қарапайым паразиттерден туындаған қауіпті жұқпалы ауру. Ауру дене қызуының көтерілуімен, қалтырауымен сипатталады және емделмеген жағдайда ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Безгек - Plasmodium тұқымдасындағы қарапайымдылармен шақырылатын, трансмиссивті механизмен берілетін адам организмінде эритроциттерді зақымдап, клиникасында ұстама тәрізді қызбамен, анемиямен өтетін антропонозды инфекция.. Таратушы Anopheles тобына жататын масалар. Клиникасында ұстамалы қызба, гипохромды анемия, талақ пен бауырдың өсуі болады Безгектің берілуінің үш механизмі бар:
Клиникасы
Безгек үстамасы әдетте 3 сатыдан тұрады:
Безгек қалтыраудан басталады және бас жиі ауырады. Науқас 15 минуттан 1 сағатқа дейін қалтырайды.
Қалтырау ыстықтың көтерілуіне жалғасып, ол 40°-қа дейін және одан да жоғары көтеріледі. Адам әлсірейді, терісі қызарады, сандырақтайды. Ыстық бірнеше сағат немесе күн бойы сақталады.
Ақырында адам малшына терлейді және ыстық түседі. Ұстамадан кейін адам әлсірейді, бірақ өзін біршама сергек сезіне бастайды.
Әдетте адамда безгек кезінде әр 2—3 күн сайын қызу болады (безгектің түріне қарай), ал ұстама басталатын кезінде қызу күн сайын қайталайды. Ыстықтың түсуі мен кетерілуі оқтын-оқтын өзгеріп тұрады Сондықтан себепсіз ыстығы көтерілген әрбір адам қанын безгекке тексерту керек.
Созылмалы безгек көбіне талақтың үлкеюі мен қанның азаюына себепші болады.
Жас балаларда беттің бозаруы мен қанның азаюы бір-екі күннен кейін басталады. Бұл жағдай безгек миды зақымдаған кезде болады (церебральды безгек), қызба үстамасы естен тану үстамасына жалғасады. Науқастың қолы көгіс тартады, демалысы жиілеп, тереңдейді. (Ескерту: Емшек сүтін ембеген балалар безгекпен тым жиі ауырады).
Алдын алу жолдары:
Безгектің алдын алу масалардың шағуын болдырмауды және безгекке қарсы препараттарды қабылдауды қамтиды.