Туберкулездің алдын алу және санитариялық талаптарды түсіндіру жұмыстары

Туберкулездің алдын алу және санитариялық талаптарды түсіндіру жұмыстары
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Қарағанды көлік оқу орталығы» мекеме әкімшілік- басқару персоналдары және дара кәсіпкер «Федерякина» асхана жұмысшылары арасында 2022 жылғы 28 наурыздағы ҚР ДСМ № 29 «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында туберкулездің белгілері, анықтау және алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Бекіту материалы түрінде жадынамалар, плакаттар таратылды. Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.