Ағымдағы жылдың 06 тамызында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісілген келісімдерді орындау мақсатында, Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жолаушылар тасымалы жөніндегі «Солтүстік» және «Қала маңындағы тасымалы» аймақтық филиалының Қарағанды телімі пойыз бригадаларының жолсеріктері мен жұмыскерлер арасында 2021 жылғы 11 қарашадағы ҚР ДСМ № 114 бұйрығымен бекітілген «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және 2022 жылғы 28 наурыздағы ҚР ДСМ № 29 «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге қатысушылардың назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі тұстары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазалау шаралары туралы түсініктеме берілді.