«ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС-«Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының Жаңа-Есіл пайдалану-локомотив депосының жұмысшыларына семинар

«ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС-«Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының Жаңа-Есіл пайдалану-локомотив депосының жұмысшыларына семинар

Ақмола бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Жүк тасымалы Ақмола бөлімшесінің» Жаңа-Есіл пайдалану локомотив депосының қызметкерлері үшін туберкулездің алдын алу бойынша семинар өткізді.

Іс-шара барысында туберкулездің берілу жолдары, аурудың белгілері және оның алдын алу шаралары түсіндірілген ақпараттық материалдар таратылды. Әсіресе флюорографиялық тексеруден уақтылы өтудің және иммундық жүйені нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Семинарға қатысушылар белсенділік танытып, мамандарға сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды. Сонымен қатар туберкулезге қатысты қазіргі эпидемиологиялық жағдай мен ауруды ерте анықтаудың тиімді емдеудегі маңызы жөнінде өзекті мәселелер талқыланды.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің туберкулездің алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру болды.