Көліктегі санитариялық - эпидемиологиялық бақылаудың Қарағанды бөлімшелік басқармасының мамандары «Балқаш қаласының № 2 емханасы» КМК ұйымдастырған «Вагонсервис» АҚ-ның жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Қарағанды телімі Балқаш станциясы, «Теміржолсу –Қарағанды» ЖШС-і және «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС-і Балқаш станциясы қызметкерлерінің 2025 жылғы медициналық тексеру нәтижелерін қорытуға қатысты. Отырыс жоғарыда аталған мекемелерінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.
Отырыс барысында мерзімді міндетті медициналық тексерулер жүргізу қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді,сонымен қатар қатысушыларға Қарағанды облысында туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай назарға жеткізілді. Қатысушыларға жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жадынамалар мен буклеттер таратылды.