Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің Алматы қаласының санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары малярия жұқпасының алдын алу және бақылау мәселелеріне арналған семинар өткізді. Семинар Алматы халықаралық әуежайының Кеден қызметінің мамандарымен өткізілді. Бұл семинарда малярия жұқпасының алдын алу шараларымен қатар, ауру анықталғанда қызметтердің іс-қимыл алгоритімі баяндалды.
Малярия жұқпасының таралуының салдарын ескере отырып, бұл оқиғаның маңыздылығын бағаламауға болмайды.
Малярия (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы, безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шагып, оның қанына безгек инфекциясын түсіреді. Инфекция көзі: ауру адам, тасымалдаушы Anopheles тұқымдас масалары. Таралу механизмі трансмиссивті. Безгектің қоздырғышы Азияда, Океанияда, Оңтүстік және Орталық Америкада кең таралған. Клиникалық белгілері жұқтырған маса шаққаннан кейін 7–30 күн ішінде байқалуы мүмкін. Безгек – фебрильді ұстамалардың болуымен, қатты қызба, дірілдеу (толқынды түрде), терлеу, әлсіздік, бас ауруы, бұлшықет ауыруы, жүрек айну, кейде құсу, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюымен, анемияның дамуымен сипатталатын жедел және кейде ұзаққа созылатын паразиттік ауру. Безгек жиі кездесетін аймақтарда болған кезде келесі сақтық шараларын сақтау керек:
Малярия қаупі бар елдерден қайтқаннан кейін тіпті жеңіл суық тию белгілері болса да, дәрігерге көріну маңызды, әсіресе дене температурасы жоғары болса қай елде болғаныңызды дәрігерге айтыңыз.