Лудомания және мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің шектеулерді сақтауы

Лудомания және мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің шектеулерді сақтауы

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Б.К. Давлетьярова Департамент қызметкерлері мен оның құрылымдық бөлімшелері үшін лудомания тақырыбы және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің заңнамада белгіленген шектеулерді қатаң сақтауы жөнінде семинар өткізді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салатын, соның ішінде телекоммуникация желілерін, Интернет желісін пайдалану арқылы немесе құмар ойындарын өткізуге арналмаған орындарда осындай әрекеттерге жол бермеуді көздейтін Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының талаптары түсіндірілді.

Лудоманияның жеке адамның психоэмоционалдық жай-күйіне, кәсіби беделіне және қызметтік тиімділігіне теріс әсер ететін әлеуметтік қауіпті құбылыс екендігіне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға белгіленген шектеулерді бұзған жағдайда жеке жауапкершілік, ықтимал тәртіптік және әкімшілік шаралар қолданылатыны ескертілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын қатаң сақтау қажеттілігі атап өтілді. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға қолданыстағы заңнамадан үзінділер мен заңбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ұсынымдар қамтылған жадынамалар таратылды.