Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің Алматы қаласының санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары марбург қызбасының алдын алу шаралары бойынша семинар өткізді. Семинар Алматы халықаралық әуежайында «Алматы халықаралық әуежайының» медицина қызметкерлерімен өткізілді.
Марбург – өте қауіпті вирус. Вирус табиғатта жарқанаттарда кездеседі және жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін. Оларда вирустың адамнан айырмашылығы симптомсыз өтеді. Марбург вирусына қарсы арнайы ем мен вакцина жоқ. Тек симптоматикалық емдеу ғана жүргізіледі.
Вирус жануардан адамға және адамнан адамға жұғады. Сонымен қатар вирус адамға тікелей байланыс арқылы яғни зақымдалған тері немесе шырышты қабықтар арқылы және вирустың заттардың бетіне тигенде және төсек-орын немесе науқастың киімі сияқты материалдарды ұстағанда тіпті жыныстық жолменде берілуі ықтимал (вирус тұқымдық сұйықтықта анықталған). Ауру адамның ағзасындағы вирус 3 айға дейін сақталуы мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі 3 -16 күн.
Аурудың негізгі белгілері: дене қызуының көтерілу, тамақтың ауруы (ауыз қуысының шырышты қабығында қан кетулер пайда болады), бөртпелер (жоғарғы аяқ-қолдарға, мойынға, бетке таралады, кейде теріні қышу мазалайды, аурудың 3-4-ші күнінен бастап іштің құрысу және өтуі (нәжісі сұйық, сулы, науқастардың жартысында нәжісте қан қоспасы бар, кейде ұйыған күйде немесе асқазан-ішектен қан кету белгілері (мелена), қан құсу, мұрын мен көзден, жатырдан қан кетулер байқалады. Осы кезеңде науқастардың қайтыс болуы сирек емес.