«Алматы халықаралық әуежайы» авиациялық инженерлік қызметкерлері үшін семинар

«Алматы халықаралық әуежайы» авиациялық инженерлік қызметкерлері үшін семинар
Алматы қаласы бойынша санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары «Алматы халықаралық әуежайы» авиациялық инженерлік қызметкерлерінің арасындагы «Қазақстан Республикасындағы Денге безгегінің эпидемиологиялық ахуалы және алдын алу шаралары» бойынша семинар өткізді.
Ағымдағы жылы Денге безгегімен сырқаттану бойынша Қазақстан Республикасында екі жағдай Тайландтан демалып келген туристерден тіркелінді. Денге безгегі Қазақстан бойынша кең таралмаған. Денге безгегі- адамдарға масалардан берілетін вирустық инфекция. Бұл вирустық қызба ең алдымен тропикте, сонымен қатар ол бүкіл әлемде жиі кездеседі. Денге безгегі-қызба, интоксикация, миалгия, артралгия, бөртпе және лимфа түйіндерінің ісінуімен бірге жүретін жедел трансмиссивті вирустық ауру. Денге жұқтырғаннан кейін адамдардың көпшілігінде аурудың белгілері болмайды. Алайда, симптоматикалық курс жағдайында ауру көбінесе жоғары температура, бас ауруы, дененің ауыруы, жүрек айнуы және бөртпе түрінде көрінеді. Көптеген науқастардың жағдайы 1-2 аптадан кейін жақсарады. Ауыр жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін. Денге инфекциясының қаупін азайту үшін масалардың шағуына қарсы келесі құралдарды қолданыңыз: денені мүмкіндігінше жабатын киім кию керек және масаларға қарсы спиральдар мен фумигаторлар қолдану қажет.