«Теміржолсу-Қостанай» ЖШС жұмысшылары үшін семинар

«Теміржолсу-Қостанай» ЖШС жұмысшылары үшін семинар

2025 жылы 18.07. Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасының мамандары «Теміржолсу-Қостанай» ЖШС жұмысшылары үшін  «Конго-Крым геморагиялық безгек» табиғи ошақтарында санитариялық-профилактикалық, санитариялық эпидемияға қарсы іс-шараларды  ұйымдастыру және өткізу» тақырыбына  семинар өткізді. Семинардың мақсаты кенелердің шағуынан қорғану секілді жұқтыру қауіпін азайтуға, жануарлармен байланысқа түскенде гигиена ережелерін сақтауға және ауру адамдармен байланысқа түскенде сақтық ережелерін сақтауға  бағытталған алдын алу шараларын түсіндіру болып табылады. Семинарға қатысушыларға аймақтарда эпидемиялық бақылау, диагностикалау, емдеу, алдын алу  және Конго-Крым геморрагиялық безгекті таралуын болдырмау жүйесін күшейту бойынша қолданылатын шаралар туралы айтты. Жалпы Конго-Крым геморрагиялық безгек бойынша семинар  аурушаңдық пен өлім-жітімді азайтуға және індетке дайындықты арттыруға ықпал ете отырып, осы қауіпті аурумен күресуде маңызды рөл атқарды.