
Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасының мамандары «Теміржолсу-Қостанай» ЖШС жұмысшылары үшін «Тамақтан уланудың алдын алу»тақырыбына ақпараттық-түсінік жұмысын жүргізді. Тамақтан улануды сапасыз немесе бұзылған азық-түліктерді пайдаланғаннан кейін пайда болатын асқазанның бұзылуын айтады. Тамақтан улануға бактериялар мен вирустар тудыратын дизентерия, сальмонеллез, эшерихиоз және басқа аурулар жатады. Бактериялар барлық жерде бар, алайда мәселе басқада – қандай мөлшерде және қандай. Гигиена ережелерін сақтамағанда, тамақты дұрыс сақтап немесе дұрыс дайындамағанда, иммундық жүйеге әлсіз, балғын емес азық-түліктерді пайдаланғанда бактериялар адам ағзасына патогенді әсер етуге себеп болады. Зиянды микроорганизмдері бар су мен тағам арқылы адам жұқтыруы мүмкін. Улану көбінесе лас жеміс-жидектерден, шикі сүт пен қайнамаған судан, бұзылған сүт өнімдерінен болады. Сальмонеллез бұзылған ет, жұмыртқа, көкөністер мен көк шөптерді тұтыну нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Тамақтан уланудың алдын алудың мақсаты – су мен тамақты пайдаланғанда аурулар мен улануларды тудыратын токсиндердің, зиянды микроорганизмдердің және басқа да заттардың ағзаға түсуін болдырмау. Бұған гигиеналық ережелерді сақтау, азық-түлікті дұрыс өңдеу және сақтау, халықты қауіпсіз тамақтану туралы ақпараттандыру арқылы қол жеткізуге болады. Спикер ақпараттық-түсінік жұмысы қатысушыларының барлық сауалдарына жауап берді.