«Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлері арасында семинар

«Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлері арасында семинар

 

                   Қазақстан Республикасының аумағында карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында   2025 жылдың 18 шілдеде  Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Түркістан қаласы санитариялық-карантиндік бақылау мамандары   «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлері арасында  «Менингококк инфекциясы: клиникалық көрінісі және алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді.

                 Семинар барысында тыңдаушыларға Менингококк инфекция ауруының  клиникалық көрініс, белгілері,  алдын алу тұсіндірілді.

           Менингокок инфекциясы — бұл Neisseria meningitidis (менингококк) бактериясы қоздыратын жедел жұқпалы ауру. Ол жеңіл түрінде (мысалы, назофарингит – тамақ ауыруы) өтуі мүмкін, бірақ ең қауіпті түрлері — менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококцемия (қанға бактерияның түсуі) өте ауыр өтіп, адамды бірнеше сағат ішінде өлтіріп жіберуі мүмкін.

  • Neisseria meningitidis — грамтеріс диплококк бактериясы.
  • 12 серотобы бар, ең қауіптілері: A, B, C, W, Y және X.
  • Қоршаған ортада өміршеңдігі төмен: ыстықта, кепкенде, антисептикпен өңдегенде тез өледі.
  • Тек ауру адам немесе тасымалдаушы (яғни өзі ауырмаса да бактерияны таратушы адам).
  • Аурудың белсенді түрімен ауырған адамдар өте жұқпалы.
  • Тасымалдаушылар – жұқпаны жасырын таратады.
  • Ауалы-тамшылы жолмен жұғады (жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде).
  • Тек тығыз және ұзақ байланыс кезінде жұғады:
    • Үйде
    • Балабақшада, мектепте
    • Жатақханада, казармада
  • Иммунитеті төмен адамдар
  • Сырттан келіп жиналған (скученность) мекендеу жағдайы
  • Балалар мен жасөспірімдер (әсіресе екпе алмағандар)
  • Созылмалы аурулар
  • Инкубациялық кезен 1-10 күн, көбіне 3–4 күн.
  • Алғашқы белгілері: Дене қызуы 37.5–38.5°C
  • Тамақ ауруы, мұрын бітуі
  • Бас ауруы
  • Көбінесе жеңіл өтеді, бірақ асқынуы мүмкін
  • Іріңді менингит:  Қызу 39–40°C
  • Қатты бас ауруы
  • Құсу (жедел, жеңілдік әкелмейді)
  • Мойынды бүгу қиындауы (ригидность)
  • Жарыққа шыдамсыздық
  • Талма, сананың бұзылуы

Алдын алу

Арнайы алдын алу: A, C, W, Y және B серотоптарына қарсы

Қазақстан және басқа елдерде қолданылатын екпелер:

Менактра, Менвево, Нимменрикс

Бексеро – B тобына

Екпе ұсынылады:

   9 айлықтан бастап балаларға,

   Жасөспірімдер мен студенттерге

   Әскерилерге, қажылыққа барушыларға

  • Жұқтырған адаммен байланыста болғандарға:
    • Антибиотиктермен алдын алу:
      • Рифампицин
      • Ципрофлоксацин
      • Цефтриаксон (бір рет бұлшықетке)
  • Қоғамдық шаралар: Ауруды ерте анықтау, оқшаулау
  • Гигиена сақтау, желдету
  • Топтық орындарда маска тағу