«Туляремия» тақырыбында семинар өткізілді

«Туляремия» тақырыбында семинар өткізілді

  2025 жылы 17.07 Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасының мамандары «Теміржолсу-Қостанай»ЖШС жұмысшылары үшін «Туляремия»тақырыбына семинар өткізді. Бүгінгі таңда  туляремия республикадағы ең қауіпті табиғи-ошақты инфекциялардың бірі болып табылады. Ондатра, сондай-ақ кенелер сияқты әртүрлі кеміргіштердің болуы ошақтардың пайда болуына және сақталуына ықпал етеді.Туляремия – бұл табиғи-ошақты ауру. Семинар туляремияның аса қауіпті инфекция ретіндегі білімді жетілдіруге, қоздырғышы, таралу жолдары, клиникалық көріністері, асқынулары, диагностикасы мен емі туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әсіресе табиғим ошақтарда оның алдын алу және күресу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған. Қатысушыларды туляремияның алдын алу әдістерімен, соның ішінде вакцинация және сақтық шараларымен таныстыру. Табиғи-ошақты инфекция ретінде, әсіресе қауіпті аймақтарда көңіл бөлуді арттыру. Туляремия бойынша семинарды өткізудің мақсаты осы ауруды және өлімді азайту, сондай-ақ халықтың санитариялық сауаттылығын көтеру  болып табылады.