
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен, көлік қызметкерлері арасында 2025 жылға арналған санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық мәселелері бойынша санитарлық-ағарту жұмысының кестесіне сәйкес «ТемірЖолСу- Қарағанды» ЖШС қызметкерлері мен жұмысшылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Оның барысында туберкулездің, тағамнан уланудың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жаза түрлері талқыланды.
Қатысушыларға жадынамалар мен буклеттер түрінде ақпараттық материалдар ұсынылды.