Жұқпалы емес аурулардың алдын алу

Жұқпалы емес аурулардың алдын алу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылға арналған негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарының 2 тарауының 59, 66 тармақтарын орындау мақсатында ЖШС «Теміржолсу - Қзыл-Орда» қызметкерлері арасында  2025 жылдың шілде айының 10-шы жұлдызында «Жұқпалы емес аурулардың алдын алу» тақырыбында семинар өтті. 

Созылмалы аурулар деп те аталатын жұқпалы емес аурулар, әдетте ұзаққа созылады және генетикалық, физиологиялық, экологиялық және мінез-құлық факторларының жиынтығынан туындайды. Жұқпалы емес аурулардың негізгі түрлеріне жүрек-қан тамырлары аурулары (мысалы, инфаркт және инсульт), қатерлі ісік, созылмалы респираторлық аурулар (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және астма сияқты) және қант диабеті жатады. 

Жұқпалы емес аурулардың алдын алудың негізгі жалпы шаралары: салауатты теңгерімді тамақтану, салмақты бақылау, жағдайына және жасына сәйкес тұрақты физикалық белсенділік, зиянды әдеттерден бас тарту, стресс деңгейін төмендету және жүйелі түрде медициналық тексеруден өту.Семинар барысында тағы басқа сұрақтарға түсіндірулер жүргізілді.