
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (әрі қарай - Департамент) Астана қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, кәсіпкерлер үшін «Тағам объектілерінің қызметіне қойылатын негізгі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен тағамнан уланудың алдын алу» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинар барысында Департамент мамандары халықтың сантариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына тоқталып, оның ішінде қызметке рұқсат құжаттарын алу, уақытылы мерзімді медициналық тексеруден өту, тамақтану объектілеріне өндірістік бақылау жүргізу туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қызметтеріне байланысты және тағамнан уланудың алдын алу бойынша қойған сұрақтарына жауап берілді.