
2025 жылғы 11 шілдеде басқарма мамандары "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-"Ақмола бөлімшесі" филиалының Атбасар станциясының қызметкерлері үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында «Жұқпалы және аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша санитариялық - эпидемияға қарсы, санитариялық - профилактикалық іс-шаралар», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыптарына семинар өткізді.
Семинар аясында басқарма мамандары қатысушыларға жұқпалы және аса қауіпті жұқпалы аурулар (туберкулез, сібір жарасы, туляремия, Конго – Қырым геморрагиялық қызбасы, құтыру) бойынша санитариялық - эпидемияға қарсы және санитариялық - профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін түсіндірді.
Сондай-ақ, семинарға қатысушылар жұқпалы және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу шараларымен танысты.
Семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді, жадынамалар мен парақшалар таратылды.