Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эхпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қоршаған орта объектілеріне ағымдағы жылдың шілде айында санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізді. Қазақстанда ауыз судың сапасын бағалау және мониторинг Санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес жүргізіледі. Берілген санитариялық қағидаларға сәйкес «ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз болу керек және жағымды органолептикалық қаситтері болуы керек». Жоспардың орындалуына сәйкес Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Қоскөл стансасында судың сынамасын іріктеу жүргізілді. Су сынамалары судың құрамы мен қасиеттерін одан әрі анықтау мақсатында жүргізіледі, оның сапасын бақылау үшін пайдаланылады.