Жаз мезгілінің басталуымен жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық күрт артады. Дәл осы уақытта қоздырғыштардың сыртқы ортада сақталуына және олардың азық-түліктер мен суда көбеюіне жағдайлар жасалады.
«Ішек инфекциялары» - бұл әртүрлі микроорганизмдер тудыратын аурулар – бактериялар, вирустар, қарапайымдылар және асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен және диареяның (іш өту) негізгі симптомы ретінде пайда болады.
2025 жылы 02 шілдеде әуе көлігі жолаушылары арасында аурудың алдын алу мақсатында Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасының мамандары «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» Халықаралық әуежай»АҚ тамақ борты цехының жұмысшылары үшін семинар өткізді. Тыңдаушыларды ішек инфекциясының клиникалық көріністерімен және олардың алдын алу шараларымен, қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен таныстырды. Барлық қызықтырған сауалдарға жауаптар берілді.