Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидасы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сұрақтары бойынша семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидасы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер  сұрақтары бойынша семинар өткізілді

Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма), Басқарманың 2025 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шаралары туралы  және  2025 жылға арналған  Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша   жоспарларына  сәйкес, Басқарма мамандары арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидасы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер  сұрақтары бойынша семинар ұйымдастырып өткізді.                

          Семинар мақсаты: Басқарма мамандарының мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптардың және де жұмыс барысында өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқан нормативтік құқықтық актілер бойынша  талаптарының сақталуын  қамтамасыз етуді түсіндіру.

        Семинар барысында Басқарма мамандарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, лудомания  және   мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидасы туралы нақты түсіндіріліп айтылды.

Сонымен қатар, Басқарма мамандарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сұрақтары, яғни  «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы  № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы №23 бұйрығы  бойынша түсіндіру жүргізілді.