Жалпыға бірдей оқытуды ұйымдастыру жөніндегі іс - шаралар жоспарына сәйкес, Көліктегі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімшелік басқармалардың басшылары мен мамандары үшін ҚР ДСМ 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ - 67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына енгізілген өзгерістер тақырбында семинар өткізді.
Семинар барысында коммуналдық мақсаттағы объектілерді орналастыруға, күтіп-ұстауға, пайдалануға қойлыатын негізгі талаптар мен аспектілер талқыланылды.
Сондай-ақ, семинар аясында санитариялық қағидаларға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар егжей-тегжейлі түсіндіріліп, практикалық қолдану бойынша ұсыныстар берілді.