2025 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тапсырмасын орындау аясында «Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерімен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары Асыл Сералы студенттерге кәсіби мүмкіндіктер туралы айтып, ұйымның құрылымын таныстырып, қолданыстағы бос лауазымдар туралы ақпарат берді.
Кесдесу қорытындысы бойынша Департамент пен Университет арасында өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби бағдарын айқындап қана қоймай, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаужүйесін орнықты дамытуға өз үлесін қосады.