Ақтау теңіз портында оқу-жаттығу өткізілді

Ақтау теңіз портында  оқу-жаттығу өткізілді
Ақтау теңіз портында теңіз кемесінде жолаушылар арасында инфекциялық ауруға (этиологиясы белгісіз қызба) күдікті науқас анықталған жағдайда әрекет етуге бағытталған эпидемияға қарсы оқу-жаттығу өткізілді.
 
Іс-шараның мақсаты – теңіз көлігі арқылы келетін жолаушылар арасында инфекциялық аурудың таралуының алдын алу, ауру анықталған жағдайда шұғыл әрекет ету алгоритмін пысықтау, жедел қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіру және эпидемияға қарсы іс-шараларды тиімді ұйымдастыру.
 
Оқу-жаттығуға санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, медициналық мекемелер, шекаралық бақылау, төтенше жағдайлар және өзге де мүдделі құрылымдардың мамандары қатысты.
 
Шартты түрде анықталған науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, оқшаулау шаралары жүргізілді. Сонымен қатар, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің эпидемиологиялық тексерісі мен дезинфекциялық шаралар ұйымдастырылды.
 
Оқу-жаттығу нәтижесінде қызметтердің өзара іс-қимылы бағаланып, төтенше жағдай туындаған кезде әрекет ету дағдылары жетілдірілді.