Атмосфералық ауаның ластануын бақылау

Атмосфералық ауаның ластануын бақылау

Теміржол арқылы жүк тасымалдау кезінде атмосфералық ауа ластануы мүмкін. Бұл – тепловоздардың дизель қозғалтқыштарынан шығатын газдармен, жүктерді тиеу-түсіру кезіндегі шаң-тозаңмен, сондай-ақ цистерналар мен вагондардың клапандары немесе люктері дұрыс жабылмаған жағдайда пайда болатын буланумен байланысты.

Осыны ескере отырып, халық денсаулығына химиялық заттардың әсері туралы нақты мәлімет алу, аурулардың алдын алу шараларының тиімділігін бағалау және болашақта аурулардың пайда болуын болжау мақсатында Қарағанды көлік өңіріндегі Мырза мен Сарыбел станциялары маңындағы тұрғын аймақтарда ауа сапасына кезекті бақылау жүргізілді.

Бақылауды Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырды. Бақылау кезінде теміржол көлігінің әсер ету аймағында өтіп бара жатқан жүк пойыздарының ауаны қаншалықты ластайтыны тексерілді.