«SCAT» әуекомпаниясының жолаушылар тасымалдау қызметкерлеріне «Марбург вирусының эпидемиологиясы және алдын алу шаралары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинарда вирус таралу жолдары, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары жан-жақты қарастырылды. Қызметкерлерге инфекцияға күдік туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тактикасы мен негізгі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, вирустың таралу қаупін төмендету мақсатында жеке гигиена және санитариялық талаптарды сақтау маңыздылығы аталды.