Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер күніне» орай, Басқарманың қызметкерлері арасында тәуелсіздіктің белгісі - мемлекетіміздің рәміздеріне деген құрметті арттыру, азаматтық патриотизмді нығайту мақсатында «Мемлекеттік рәміздер туралы» семинар ұйымдастырып өткізілді.
Семинар барысында 2007 жылғы 04 маусымдағы №258 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңының талаптары талқыланды және Қазақстан Республикасының рәміздерін өмірге әкелген ұлы тұлғаларымыздың өмірбаяны, еңбек жолдары, ерен еңбектері туралы презентация дайындалып ұсынылды.
«Мемлекеттік рәміздер күні» – ерекше дата. Көк байрағымыз бен елтаңбамыз, әнұранымыз – тарихымызды, мәдени мұрамызды, күшіміз бен болашаққа ұмтылысымызды айшықтайтын қасиетті нышаны және бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдыретті күнді атап өтуіміз шынайы патриотизмнің айқын көрінісі туралы айтылды.