Шымкент қаласының халықаралық әуежайында кездесу өтті

Шымкент қаласының халықаралық әуежайында кездесу өтті

Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың «SCAT авиакомпаниясы» АҚ басқарушы компаниясы басшылығының өкілі Дәулет Хамзинмен, «Шымкент әуежайы» АҚ жаңа терминалының әкімшісі Ерасым Алтыбаевпен кездесуі өтті, оның барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын санитарлық қорғаудың, әуежайдың санитарлық-қорғау аймағының мөлшерін белгілеудің өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері - Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Ұлттық сараптама орталығы, Шымкент обаға қарсы станциясы басшыларының қатысуымен өтті.

Д. Хамзин одан әрі дамыту жоспарлары, халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес әуежайдың инфрақұрылымын салу және жаңғырту перспективалары туралы хабардар етті, сондай-ақ, бүгінгі күні Шымкент қаласының халықаралық әуежайынан Германия, Венгрия, Қытай, Оңтүстік Корея және Египетке тікелей халықаралық рейстер ашылғанын хабарлады.

С. Бейсенова әуежайдың санитариялық-карантиндік пунктінде болып, материалдық-техникалық жарақтандыру, оның ішінде қажетті жабдықтармен (стационарлық тепловизорлармен, жиһазбен) және коммуникациялармен (Интернет-қосылыммен, телефон байланысымен) қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Тараптар 2024 жылы өткізілген Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалардың негізгі мүмкіндіктерінің талаптарына сәйкес әуежайдың ішкі бағалау қорытындыларын талқылады.

Кездесу барысында әуежайдың тұрғын үй құрылысына қатысты жақын орналасуы себебінен әуежайдың айналасында пайдаланудың ерекше режимі бар арнайы аумақтың (санитариялық-қорғау аймағы, санитарлық алшақтық)  болмауына қатысты проблемалық мәселелер талқыланды.

С. Бейсенова ағымдағы жылдың мамыр айында Денсаулық сақтау министрлігі мен әуежай басшылығын қоса алғанда, уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен санитарлық-қорғау аймағын белгілеу мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысының өткізілетіні туралы хабардар етті. Әуежай әкімшілігі проблемалық мәселелерді шешуде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Сапар қорытындысы бойынша С. Бейсенова аталған проблемалық мәселелерді шешу бойынша Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тиісті тапсырмалар берді, сондай-ақ Шымкент халықаралық әуежайымен сындарлы өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын санитарлық қорғау мақсатында өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.