Теміржол көлігінде обаға қарсы оқу-жаттығу

Теміржол көлігінде обаға қарсы оқу-жаттығу

Бейнеу станциясындағы санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары ұйымдастыруымен Бейнеу теміржол вокзалының перронында оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – теміржол көлігінде аса қауіпті инфекцияға (оба) күдікті науқас анықталған жағдайда ауру ошақтарын шоғырландыру және әрі қарай таралуының алдын алу үшін барлық жауапты қызметтер мен құрамалардың өзара әрекеттесу тәртібін пысықтау болды.

Оқу-жаттығу барысында қатысушыларға оқиға орнына жедел жету, күдікті науқаспен жұмыс істеу, карантиндік шараларды енгізу және вокзал аумағында санитарлық бақылауды ұйымдастыру бойынша нақты іс-қимыл алгоритмі көрсетілді.

Сонымен қатар, түрлі қызметтердің — медициналық қызметкерлердің, теміржол полициясының, әкімшілік және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің өзара байланысы мен координациясы пысықталды.

Жаттығудың нәтижесінде қызметтердің өзара әрекеттесу тиімділігі арттырылып, аса қауіпті инфекцияның теміржол көлігінде таралу қаупін төмендетуге бағытталған шаралардың жүзеге асырылуы қамтамасыз етілді.