COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Ақтөбе қаласы санитариялық-карантиндік бақылау мамандары Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайының және «Ақтөбе» шекара қызметкердері арасында «COVID-19 бойынша  эпидемиологиялық жағдай. Алдын алу мәселері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – шекара қызметі мен әуежай қызметкерлерінің COVID-19-дың алдын алу, ерте анықтау және таралуының алдын алу бағытындағы білімін жетілдіру, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындықты арттыру болды.

Іс-шара барысында келесі мәселелер талқыланды:

  • Қазақстан мен әлемдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтер;
  • COVID-19 індетінің таралу жолдары мен белгілері;
  • Алдын алу шаралары мен жеке қорғану құралдарын қолдану тәртібі;
  • Шекаралық бақылау кезінде күдікті жағдай анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмі;
  • Санитариялық-карантиндік бақылау қызметтерімен өзара іс-қимыл.

Семинарға қатысушыларға практикалық мысалдар келтіріліп, әдістемелік материалдар таратылды.  Бұл шара инфекциялық аурулардың, оның ішінде COVID-19-дың әуе және шекаралық аймақтар арқылы таралу қаупін төмендетуге бағытталды.