
Көлік қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында теміржол және су көлігіндегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары «Kaz Rail» ЖШС қызметкерлерімен келесі тақырыптарда семинарлар өткізді: «Жоғары эпидемиологиялық маңызы бар нысанның сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар».
Семинар барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мәселелер, сондай-ақ жоғары эпидемиологиялық маңызы бар нысандарға қойылатын талаптар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті бастау және тоқтату туралы хабарламаларды жолдау мен өндірістік бақылауды жүзеге асыру мәселелеріне қатысты түсініктемелер берілді.