
Теміржол көлігі объектілерінде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, уланудың және инфекциялық, паразиттік аурулардың өршуінің алдын алу мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Ақадыр станциясының теміржол вокзалында жолаушыларға, вокзалдын қызметкерлеріне, вокзал аумағында орналасқан жеке кәсіпкерлерге жедел ішек инфекцияларының алдын алу, жолаушылардың жолда (поезда) тамақтану тақырыптарында жоспарланған радиолекция жүргізді.
Іс-шараны өткізу барысында инфекциялық аурулар бойынша ақпараттық парақтар таратылды.