Аса қауіпті инфекция белгілері бар күдікті науқас анықталған кезде әрекет ету тәртібі

Аса қауіпті инфекция белгілері бар күдікті науқас анықталған кезде әрекет ету тәртібі

Атбасар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Атбасар жол қашықтығында аса қауіпті және карантиндік инфекцияға күдікті науқас анықталған жағдайда мүдделі қызметтер мен ведомстволардың іс-қимыл тактикасы бойынша оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығуды өткізуге келесі ұйымдар қатысты: Атбасар ауданаралық көпсалалы ауруханасы, Ақмола облысы бойынша ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО» ШЖҚ РМК филиалының Атбасар аудандық бөлімшесі, Атбасар қаласының Жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы, Атбасар жол қашықтығы.

Оқу-жаттығудың мақсаты – аса қауіпті және карантиндік инфекцияға күдікті науқас анықталған жағдайда барлық қызметтердің өзара үйлесімді әрі жедел әрекет етуін қамтамасыз ету, дағдарыс жағдайында іс-қимыл алгоритмін бекіту және эпидемияға қарсы шараларды тиімді ұйымдастыру.

Жаттығу барысында қатысушылар карантиндік және дезинфекциялық шараларды жүргізу, пациентті оқшаулау, медициналық көмек көрсету, сондай-ақ ақпарат алмасу және координациялау жұмыстары бойынша тәжірибе жинақтады.

Нәтижесінде, барлық мүдделі қызметтердің эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге дайындығы расталды.