
Қостанай теміржол станциясының вокзалында және №45 санитариялық-карантиндік тұйығында Қостанай облысының аумағына карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың енуі мен таралуының алдын алу мақсатында Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығуға «ТУРКСИБ АСТАНА» ЖШС, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы - «ЖП Қостанай бөлімшесі» (Қостанай ст. ДС), «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Магистральдық желінің Қостанай бөлімшесі» (Қостанай жол дистанциясы (ПЧ-35), Қостанай электрмен жабдықтау дистанциясы (ЭЧ-15), Қостанай сигнализация және байланыс дистанциясы (ШЧ-26), «Транстелеком» АҚ Қостанай қаласындағы филиалы - «Қостанайтранстелеком», «Теміржолсу-Қостанай» ЖШС, Қостанай станциясының Желілік полиция бөлімі, «ВЖДО» ЖШС Қостанай филиалы, Қостанай көлік прокуратурасы, ҚР ТЖМ Қостанай облысының ТЖД, «Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ, «Қостанай қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ, «Қостанай облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК, «Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК, ҚР ДСМ СЭБК Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы, «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ қатысты.
Өткізілген оқу-жаттығу санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының, теміржол көлігі қызметтерінің және медициналық мекемелердің эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға толық дайын екендігін көрсетті. Мұндай оқу-жаттығулар қызметкерлердің кәсіби дағдыларын шыңдауға, өзара іс-қимылдың үйлесімділігін арттыруға және шынайы жағдайда жедел әрі тиімді әрекет ету қабілетін нығайтуға мүмкіндік береді.