Атбасар вокзалы қызметкерлеріне санитариялық-эпидемиологиялық семинар

Атбасар вокзалы қызметкерлеріне санитариялық-эпидемиологиялық семинар

Атбасар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету мақсатында «ҚТЖ «ҰК» АҚ - «Ақмола бөлімшесі магистральдық желілер» филиалы Атбасар станциясының теміржол вокзалының қызметкерлері арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстары аясында «Жол жүру жолында карантиндік ауруға шалдыққан науқас немесе күдікті анықталған жағдайда хабарлау схемасына сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар» және «Дәрі қобдишаларын дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жасақтау» тақырыптарында семинар өткізді.

Семинар барысында бөлімше мамандары карантиндік ауру белгілері бар жолаушы анықталған жағдайда вокзал қызметкерлерінің әрекет тәртібін, сондай-ақ бекітілген хабарландыру схемасына сәйкес медициналық және санитариялық қызметтермен өзара іс-қимыл алгоритмін егжей-тегжейлі түсіндірді. Арнайы назар уақытылы хабарлау және тиісті құжаттарды дұрыс рәсімдеу маңыздылығына аударылды.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыларға алғашқы көмек жинақтарын толықтыру талаптары көрсетілді, қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың тізімі талқыланды, сондай-ақ теміржол вокзалы жағдайында олардың сақталу және қолданылу ережелері түсіндірілді.

Семинар қорытындысы бойынша вокзал қызметкерлері әдістемелік материалдармен қамтамасыз етіліп, туындаған сұрақтарға толық жауап алды, бұл мүмкін болатын санитарлық-эпидемиологиялық тәуекелдерге уақытылы және тиімді әрекет ету деңгейін арттыруға ықпал етті.