Құқықтық сауаттылықты арттыру және инфекциялық аурулардың алдын алу

Құқықтық сауаттылықты арттыру және инфекциялық аурулардың алдын алу

Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Жарық станциясының көлік қызметкерлері арасында ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізді.

Қатысушылардың назарына туберкулездің, сібір жарасының, тырысқақтың алдын алу жолдары, жеке гигиена ережелерін сақтау мәселелері жеткізілді.

Сыбайлас жемқорлық түрлерінің бірі ретінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың негізгі мәселелеріне және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Түсіндіру жұмысы барысында тыңдаушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар ұсынылды. Білімді бекіту үшін өзекті тақырыптарға, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша материалдар таратылды.