Түлектер арасында кәсіби бағдарлау акциясы

Түлектер арасында кәсіби бағдарлау акциясы

Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы түлектер арасында ерте кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді. Яғни, жалпы білім беретін мектептердің түлектері арасында ерте кәсіби бағдарлау жұмыстарын күшейтіп, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметке бейінді мамандарды мектептерден іздеуді жүзеге асыруда. Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті ақпараттандыру мақсатында «Ашық есік күні» акциясын ұйымдастырып өткізді.

Акция барысында түлектерге Басқарма мамандары санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі туралы, соның ішінде көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жайында және Басқарманың жұмыс тынысымен таныстыра отырып, толық түсіндіріп айтылды.

Түлектер қойылған сұрақтарына жауап алып, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің маңыздылығы мен келешектегі мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алды. Сондай-ақ, кәсіби бағдар беру аясында мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды осы салаға қызықтыру мақсатында түрлі ұсыныстар мен кеңестер берді. Акция соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды.