Теміржол көлігі объектілерінде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, уланудың және инфекциялық, паразиттік аурулардың өршуінің алдын алу мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Жарық станциясының теміржол вокзалында жолаушыларға, вокзал қызметкерлеріне, вокзал аумағында орналасқан жеке кәсіпкерлерге «Жедел ішек инфекцияларының алдын алу және жолаушылардың жолда тамақтануы» тақырыптарында жоспарланған радиолекция жүргізді.
Іс-шараны өткізу барысында инфекциялық аурулар бойынша ақпараттық лифлеттер таратылды.